Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінің қызметкерлері ұжымда жұмыс жасайтын ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.??

Алғашқы құттықтау сөз, кеш қонағы Филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызына берілді.

Камал Әбілқасымқызы ер азаматтарды құттықтап, өз қаламынан шыққан бірнеше өлеңдерін оқып, әсерлі әңгімемен жалғады.
ОКЖ-нің басшысы Г.С.Мадибаева жігіттерімізге амандық, денсаулық тілеп, сый — сияпат жасады.