Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, еңбекте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт тілейміз.

Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

Ізгі тілекпен Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.