Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінің қызметкерлері ұжымда жұмыс жасайтын ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.🇰🇿
Алғашқы құттықтау сөз, кеш қонағы Филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызына берілді.
Камал Әбілқасымқызы ер азаматтарды құттықтап, өз қаламынан шыққан бірнеше өлеңдерін оқып, әсерлі әңгімемен жалғады.
ОКЖ-нің басшысы Г.С.Мадибаева жігіттерімізге амандық, денсаулық тілеп, сый – сияпат жасады.