Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қала тұрғындары!

Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.
Ұлы Отан соғысында батырлықпен ерлiк танытқан, сонау отты жылдары кеудесiн оққа тосқан майдангер аталарымыз бен аналарымыздың жанқиярлық ерлiктерi ешқашан ұмытылмақ емес.

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай қалған арыстарымызды еске алатын күн.

Майданда, тылда жанқиярлықпен күреске түскендердің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Ардагерлерімізді айрықша құрмет тұтып, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Осы ұлы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ізгі ниетпен, Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.