Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі, жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес.

Майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақытылы жеткізумен қатар артында қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда еңбек еткен жандардың бірі әйел азаматтары екенін жақсы білеміз.

Жеңіс күні қарсаңында Шарипова Жибек және Шарипова Карима апаларымызға Астана қаласы әкімінің атынан құттықтау хат, азық-түлік себеттері табыс етілді.

«Еліміз аман,халқымыз тыныш болсын, біздің жасымызды берсен» деген тілек айтып,ақ баталарын берді апаларымыз.

Келе жатқан Жеңіс күні құтты болсын! Ардагерлеріміз аман болсын!