8 қыркүйек Халықаралық сауаттылық күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздіктің мәдени негізгі» жобасы аясында «Қағазға тіл бітірген…» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме ақын Жамбыл Жабаевтың «Ақындарға арнау» жырымен ашылды. Көрме «Тарихи жәдігерлер» және «Дипломатиялық сыйлықтар» атты екі бөлімнен тұрды.

Шараға қаламыздағы зиялы қауым өкілдері қатысып, жазушы Ә. Аскаров, жастарды дәстүрлі кітап оқуға және қазақ тілін терең меңгеруге шақырды.