2022 жылдың 6 шілдесі күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  оқырман қауымды кітап оқуға баулу мақсатында жүргізіліп жатқан» BookDating» жобасы аясында кезекті кездесу кешін  танымал тележүргізуші, журналист Гүлназ Әлімгереймен @gulnaz_alimgerey өткізді.

Кеш қонағы өмірбаяны туралы әңгімелей отырып, кітап оқудың пайдасына тоқталып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.  Сонымен қатар оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, оларға өзімен ала келген кітаптарын сыйға тартты.

Қазақтың сөз өнерін, тіл тазалығын жанына серік етіп жүрген Гүлназ Әлімгерейге окырман қауым ризашылығын білдіріп, қимастықпен тарқады.