Бүгін 1-маусым Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында @bogenbai_kitaphana

Халықаралық балаларды қорғау мерекесі өте көңілді,шаттыққа толы,балалар күлкісіне,қуанышына толған мереке болды.
Мерекеге Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның 4 сынып оқушылары  және «Happy Home» бала-бақшасы балалары келді.

Мектеп оқушылары ән айтып,би билеп,викториналарға қатысып белсенділік танытты.

«Happy Home» бала-бақшасы балалары асфальқа сурет салып және ақ қағазға түрлі-түсті қарындаштармен өздерінің көңіліне ұнайтын суреттерін бейнеледі.

Сынып жетекшісі Айсұлу Қуанышқызы мен мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Ғазиза Қосымбайқызына алғыс білдіреміз.

Балалардың болашағы жарқын,бақытқа толы болсын.Кітаппен дос болайық балалар деп естелік суретке түсіп,қимастықпен қоштастық.