Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ақысыз емделуге болады. ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерді ел азаматтары, оралмандар мен Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетелдіктер пайдалана алады. 2020 жылдан бастап тегін медициналық қызметті ел аумағында тұрақты тұратын, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да пайдалануға құқылы. Оған алғашқы көмек, жедел және шұғыл жәрдем, диагностика, бірқатар ауруларды емдеу, дәрі-дәрмекпен қамту кіреді. Тегін медициналық қызметтер жайлы толығырақ танысуға шақырамыз
1 ҚАДАМ. Емхана таңдау
Ең алдымен базалық медициналық қызмет көрсететін емхананы таңдаңыз. Емхана (бастапқы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйым) сіздің уақытша немесе тұрақты тұратын жеріңізге жақын маңда орналасуы тиіс. Сіз емхананы ғана емес, жалпы практика дәрігерін, учаскелік терапевт пен учаскелік педиатрды да таңдай аласыз.
Емханалар тізімі Медициналық сақтандыру қорының www.fms.kz сайтында жарияланған
2 ҚАДАМ. Емханаға тіркелу
Емханаға тіркелудің екі түрлі жолы бар:
1. Емханадағы тіркеу бөліміне барып, бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Сізді бір жұмыс күні ішінде тіркейді. Жеке куәлігіңізді ұмытпаңыз.
2. Еgov.kz. электронды үкімет порталын пайдалану. Авторизациядан өтіп, тіркелесіз. Содан кейін «Денсаулық сақтау» бөліміндегі «Медициналық көмек» деген жерден «Бастапқы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық мекемелеріне тіркелу» тетігін басасыз. «Қызметке онлайн тапсырыс беруді» таңдап, электронды бағананы толтырып, сұрау жібересіз. Сізді бір күннен кейін тіркейді.
Біле жүріңіз:
Егер тіркелген емхананы ауыстырғыңыз келсе, бұрынғы МСАК көрсететін мекеме сізді тіркеуден автоматты түрде шығарып тастайды.Егер сіз еркін таңдау құқығын пайдаланбасаңыз, жаппай тіркеу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы жылдары емделген емханаға тіркелесіз.
Егер сіз емханаға алғаш рет жүгінген болсаңыз, онда тіркеу орнында амбулаторлық карта, баланың даму картасы немесе электрондық денсаулық паспорты рәсімделеді. Есепке алу кезінде толтырылған құжаттар қағаз және электронды түрде емханада сақталады
Емханаға тіркелу тәртібі
Емханаға бір қала, аудан орталығы немесе сіз тұратын шаһарда ғана тіркелуге болады.
Тіркелген емханада дәрігерді де таңдауға болады. Бірақ таңдау барысында учаскеде тіркелген адамдардың саны есепке алынатынын ұмытпаңыз.
Балаларды емханаға заңды өкілдері ғана тіркей алады.
Егер аяқ асты:
Сіздің емханаңыз бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді тоқтатса, емхана әкімшілігі келісімшартты бұзардан кем дегенде 30 күн (күнтізбе бойынша) бұрын немесе ұйымның қайта ұйымдастырылатыны/таратылатыны белгілі болған күннен бастап күнтізбе бойынша 2 күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.Бұдан былай аталған емханада қаралмайтыныңыз туралы смс-хабарлама жібереді немесе электронды пошта арқылы хабарлайды.Егер емханаға аймақтық комиссияның хаттамасы негізінде тіркеген болса, сізді сол байланыс арналары арқылы хабардар етеді.Аймақтық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, арыз беруге хақыңыз бар.Оралмандар мен ықтиярхаты бар шетелдіктер де тіркелу барысында осы ережелерді пайдаланады. 2020 жылдан бастап аталған ережелер Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты болмақ.
3-ҚАДАМ. Емханада көрсетілетін тегін медициналық көмек
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету тәртібі
Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, акушер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және медбикелер көрсетеді. Қызмет емханада немесе оның бөлімшелерінде, пациенттің үйінде, сондай-ақ, үйдегі стационар жағдайында көрсетіледі..Емхана қызметі аумақтық принцип бойынша (яғни, тұрғылықты жеріңіз бойынша) немесе сіз таңдаған медицина ұйымына қарай көрсетіледі.Осы негізде МСАК учаскесі жасақталып, оған мамандар бекітіледі
Жалпы практика дәрігерінің, учаскелік терапевт-дәрігердің, педиатрдың қабылдауы, консультациясы
Қабылдауға жазылу және ЖПД, учаскелік терапевт немесе педиатрдың консультациясы – кез-келген адамға тегін көрсетілетін нгізгі медициналық қызметтердің бірі
Емханаға қаралуға мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін
1 жіті аурулар
2 жарақат
3 ересектерді профилактикалық тексеру
4 балаларды профилактикалық тексеру
5 жіті ауруына байланысты үйге дәрігер шақырту
6 созылмалы аурудың асқынуына байланысты үйге дәрігер шақырту
7 үйге шақырту (паллиативтік көмек)
8 созылмалы аурудың асқынуы
9 ересектерге арналған иммундық профилактика
10 балаларға арналған иммундық профилактика
11 ересектерді скринингтен өткізу
12 балаларды скринингтен өткізу
13 отбасын жоспарлау, қауіпсіз түсік жасату, репродуктивті денсаулықты қорғау қызметі
14 ауруларды басқару бағдарламасы
15 созылмалы аурулары бар ересектерді динамикалық бақылау
16 созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау
17 антенаталды бақылау
18 постнаталды бақылау
19 рецепт жазып беру
20 әлеуметтік-медициналық қызметтер
21 психологиялық қолдау
22 әлеуметтік-медициналық сараптамаға құжат рәсімдеу
23 оқушылардың денсаулығын қорғау қызметі (мектеп медицинасы)
24 салауатты өмір салтына қатысты іс-шаралар
25 сырқатына қатысты қашықтықтан кеңес беру
26 ауыр науқасты күту жөнінде қашықтықтан кеңес беру
27 үйде қызмет көрсету
28 жаңа туған нәрестені бақылау
29 бала патронажы
30 жүкті әйелдерді бақылау
31 перзентхана патронажы
32 балалардың белсенді патронажы
33 ересектердің белсенді патронажы
34 науқастарды күтуді үйрету
35 үйде күтім жасау қызметі
36 медициналық оңалту