Қазақстанның денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұр: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылады. Бұл еліміздің әр азаматына қатысы бар реформа. Сондықтан медсақтандыру деген не, оның тиімділігі мен берер мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен таныс болыңыз.
Алдымен мәртебеңізді анықтаңыз
Әлеуметтік мәртебені egov.kz порталы арқылы білуге болады. egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізесіз. Содан кейін төмендегі статустың бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар». Егер: жұмыссыз болсаңыз, ХҚКО, Жұмыспен қамту орталығына немесе әкімдікке барып тіркелуіңіз керек. Егер Сіз экономиканың биресми саласында еңбек етсеңіз, онда жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде ақша аударасыз немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеуіңіз қажет.
Емханаға тіркелу
Емханаға тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады. Сіз ауыл, елді мекен, қала, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қаладағы немесе елордадағы бір ғана емхананы таңдай аласыз.Сондай-ақ, сіз жалпы практика дәрігерін немесе тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерді таңдайсыз. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен мемлекеттік немесе жеке меншік емханалар көрсетеді. Медициналық мекемелердің тізімімен: https://fms.kz/ru/select-medical-inst сілтемесі арқылы танысуға болады.