Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында:
«Туризмді дамытуға айрықша мән беріледі… Алтын Орданың 750 жылдығы туристердің назарын тарихымыз бен мәдениетімізге, жеріміздің табиғатына аудару тұрғысынан тойлануы керек», – деген. Тарихқа үңілсек:
Алтын Орда Жошы ұлысында құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі.
Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай-Бату. «Шыңғыснама» дерегі бойынша Шыңғысхан Жошыдан туған үш немересіне Бату, Ежен, Шайбаниге алтын босағалы «Ақ Орда», күміс босағалы «Көк Орда » болат босағалы «Боз Орда » тіккізеді. Алтын босағалы Ордаға – Батыйды кіргізіп Жошының орнына хан сайлайды. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан..
Алтын Орданың негізін қалаған Бату хан 1256 жылы қайтыс болды. 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығы тойланады. Осы үлкен мерекеге қатысты Қазақстан баспаларынан тарихи кітаптар басылып шығуда. Жаңа кітаптармен оқырмандар жүйе кітапханаларында таныса алады.
Ақпараттық-библиографиялық жұмыс қызметі