Құрметті оқырман ❗️
2023 жылы 10 тамыз сағ.11.00-де Абай күніне арналған Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №5 балалар кітапханасында «Құлақтан кіріп бойды алар» атты Абай оқуларын өткізеді.

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу барысында қара сөздерінен ғибрат алу, әндерін шырқау, «Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылады. Сондай-ақ «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Кузембаева Қ.Г. «Абай Құнанбаевтың қуғын сүргінге ұшыраған туыстары мен ұрпақтары» көрмесі мен дәрісін жүргізеді.

Іс-шара бағдарламасы ауқымды, әрі қызықты да танымды түрде өтеді.

Мерекеде барлық тұрақты оқырмандарымызды және кітапхана есігін алғаш рет ашатын болашақ оқырмандарымызды да күтеміз.