10 тамызда сағ 11.00-14.00 Абай күніне арналған Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастыруымен №5 балалар кітапханасы және «Kitap Qala» ашық аспан астындағы кітапханасында «Абай әлеміне саяхат» атты театрландырылған көрініс және «Құлақтан кіріп бойды алар» атты Абай оқулары өтті.

Абай оқуларына №49, №23 орта мектеп оқушылары мен жас маман кітапханашылары қатысты. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу барысында қара сөздерінен ғибрат алу, әндерін шырқау, «Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылды.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Кузембаев Қ.Г. «Абай Құнанбаевтың қуғын сүргінге ұшыраған туыстары мен ұрпақтары» көрмесі мен дәрісін жүргізді. Бұл шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау.