Шілде айының 19 күні «Қаламгерлер аллеясында» Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастыруымен «Перғауындар пір тұтқан қазақ» атты әдеби саяхаты өтті.
Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың туылғанына 800 жыл орай өткізілген шарада ұлы тұлға туралы мәліметтермен бөлісіп, осы тақырыптағы кітаптар насихатталды.