Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің авторлық жобасы «QAZAQ alemi» орталығы өз жұмысын Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жүргізеді.

Жоба мақсаты – қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт – дәстүрін,  дүние танымын «жұмсақ саясат» арқылы  дәріптеу.

Мемлекет құраушы ұлттың құндылықтары арқылы еліміздегі этникалық топтардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, тілдің қолдану аясын халықаралық деңгейге шығару.

Мекен жайы:
Бөгенбай батыр даңғылы, 52 @bogenbai_kitaphana