#repost @bogenbai_kitaphana

1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды.

Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр,қазақтың әрбір баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.

Бүгін Орталық жасөспірімдер және балалар кітапханасында Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай кездесу өтті.

Кездесу қонағы Мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың немересі тарих ғылымдарының кандидаты, Құрмет орденінің иегері Сәдуақас Перизат Құрманқызы болды.

Кездесуге ҚазГЗУ Гуманитарлық Заң колледжінің студенттері шақырылды.
Кеш қонағы өте тартымды оқиғаларымен бөлісіп,студенттердің сұрақтарына жауап берді.