Бүкіләлемдік поэзия күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» N10 көпшілік кітапханасы «Кітап әлемінің жаршысы»атты әдеби қонақ бөлмесін өткізді.

📚 «Ел ағасыз болмас,тон жағасыз болмас» деген мақал бар,шүкір, қазақ халқында біртуар ақындар мен жазушылар көп-ақ. Сол ағаларымыз апаларымыздың ізін жалғар жастар біздің ортамызда яғни кітапханамыздың оқырман жастары.

📖 Поэзия – көңілдің толқыны, жүректің лүпілі және өмір құбылыстарын танып білудегі қуатты құрал,ой мен сезімнің тамырын терең салған бағаналы бәйтерек.