Бүкіләлемдік поэзия күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы “Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” N10 көпшілік кітапханасы “Кітап әлемінің жаршысы”атты әдеби қонақ бөлмесін өткізді.

📚 “Ел ағасыз болмас,тон жағасыз болмас” деген мақал бар,шүкір, қазақ халқында біртуар ақындар мен жазушылар көп-ақ. Сол ағаларымыз апаларымыздың ізін жалғар жастар біздің ортамызда яғни кітапханамыздың оқырман жастары.

📖 Поэзия – көңілдің толқыны, жүректің лүпілі және өмір құбылыстарын танып білудегі қуатты құрал,ой мен сезімнің тамырын терең салған бағаналы бәйтерек.