«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен, бастауыш сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – алтын діңгегім» тақырыбында шығармаларға қалалық байқау жариялайды.

Ақпараттық қолдаушылар:

«Айтшы, әжетай» балалар журналы
«Qazaqstan dauiri» газеті
«Мөлдір бұлақ» балалар журналы

Байқаудың мақсаты – оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу, елі мен жерінің тарихын білуге қызығушылығын ояту, келешекте Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екенін ұғындыру.

Шығарма 2020 жылдың 30 қарашасына (қоса алғанда) дейін Azhetay.zhurnaly@gmail.com электронды поштасы арқылы «байқауға» деген белгімен қабылданады.

Шығарма көлемі 60-70 сөзден аспауы керек.

Байқау қорытындысын арнайы құрылған Конкурс комиссиясы Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарады. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады. Үздік шығармалар «Айтшы, әжетай» журналдарына жарияланады.

Байланыс тел.: 87711248751

@ns.madeniet
@saryarka.akimat
@kitap_kala
@madibaeva68
@turar_sattarkyzy
@bogenbai_kitaphana
@sandugash_bolatkanovna