М.Әуезовтың «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз»

Өскелең ұрпақ, ертеңгі елдің болашағы. Кешегі бабалар аманатын бүгінгі ұрпақ арқалайды📚📚📚.
М.Әуезовтың «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» дегеніндей ұл мен қызымызды қалай тәрбиелеп отырмыз?
📝Рухы азып, жаны жүдеген бүгінгі заманда, сан идеалогияның шырмауына шатылған ұрпағымызға тығырықтан шығар, жарқын болашаққа бастар қандай жол ұсына алмақпыз?
Мыңдаған жылдар бойы сыннан сүрінбей өткен бабалар тәлімін қалай пайдаланамыз?
Бабалар тәрбиесінің құндылығы не?
✍ Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Совет-Хан Ғаббасов.
6 қараша, сағат 11:00, ZOOM бағдарламасы
«Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі » атты сырласу- сұқбатына шақырамыз.
🤱Ұрпақ тәрбиесін жанашыр жандардың осынау кездесуден шеткері қалмай, өз ойын ортаға салып, келелі сұқбат құрады деген сенімдеміз.