«Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан»

16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген – Тәуелсіздік күні. Осынау мәртебесі биік, атаулы күн қарсаңында «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты «Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында 25-ші қараша мен 10-шы желтоқсан аралығында видео байқау жариялайды.

Байқау шарттары:
🔰Байқауға 10-17 жас аралығындағы барлық балалар қатыса алады;
🔰Үміткерлер қазақ немесе орыс тілінде «Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында видео материал түсіріп, оны өз Instagram немесе Facebook парақшасына #MeninOtanym хэштегімен жариялау керек, ұзақтығы 1 мин аспағаны абзал;
🔰Байқауға жолданған бейнематериал сапалы әрі толық болуы және видеоны салған аккаунттарыңыз ашық болуы тиіс;
🔰Жеңімпаздарды арнайы жасақталған қазылар алқасы анықтайды;

Байқау жеңімпаздары жүлделі 1-ші орын иегері электронды кітаппен, 2-ші орын иегері конькимен, 3-ші орын иегері сырғанауға арналған құралмен және алғыс хаттармен марапатталатын болады. Сондай-ақ, үздік ондыққа мұзайдынына 10 күндік сырғанауға арналған Сертификаттар табысталады.

Талапкелерге сәттілік тілейміз!
Байқаудың қорытындысы @baikonyr_nur_sultan Instagram және @baikonyrakimat Facebook парақшаларында 11 желтоқсан күні жарияланатын болады.
______