Махаббат қызық мол жылдар

«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты!

«Фолиант» баспасынан Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы жаңа замануи форматты қайта басылып шықты.

Қалың оқырманның сүйікті шығармасына айналған, жас ұрпақты адал махаббатқа, шынайы достық пен сертіне берік болуға тәрбиелейтін аталмыш романды баспа жазушының 100 жылдық мерейтойына арнап шығарды.

Жақында қалың оқырманның тұмарындай болған шығарманың желісімен «MG Prodution plus» кинокомпаниясы түсірген «Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясы көрермен назарына ұсынылды.

Жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген туынды «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының тапсырысымен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай қолға алынған болатын.

Осыған орай, 14 сәуір күні сағат 11.00-де «Қазақстан» телеарнасында роман желісі бойынша түсірілген сериалдың актерлік құрамының қатысуымен кітап таныстырылымы өтеді. Кездесуге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері жазушы, журналист Қайсар Әлім, актерлер Ермек Тұрғанбек, Нарқыз Айдарова қатысады.

Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Кравцов көшесі 6/1, «Foliant» сауда үйі
Өткізілетін күні мен уақыты: 2021 жылғы 14 сәуір, сағ. 11.00. @foliant.kz