Бүгін кітапханамызда
«Арсыздыққа санамды билетпеген,
Пысықайлық жолдарын үйретпеген.
Ащы өлеңнің көзінен жас парлатып,
Жетектеген жетімдей сүйреп келем»- деп тебіренген, өлең өлкесінде өзіндік орны бар ақын, халық жадында жатталып қалған «Алтынай», «Нурикамал» әндерінің авторы Ханбибі Есенқарақызымен «Құлпырам гүлің болып төсіңде » атты оффлайн-кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінің шымылдығын кітапханамыздың тұрақты оқырманы, бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері, өнерлі жігіт Естайұлы Абдуррахман «Алтынай» әнімен ашса, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филормония әншісі Жұмабаев Айдын «Нурикамал» әнімен кештін көркін қыздырды.
Сонымен қатар, ақынның авторлық өлеңдері оқылып, көптеген сұрақтарға жауап алынып, әсерлі сұхбат көрермендер көңілінен шықты.