«Құлпырам гүлің боптөсіңде»

Бүгін кітапханамызда
“Арсыздыққа санамды билетпеген,
Пысықайлық жолдарын үйретпеген.
Ащы өлеңнің көзінен жас парлатып,
Жетектеген жетімдей сүйреп келем”- деп тебіренген, өлең өлкесінде өзіндік орны бар ақын, халық жадында жатталып қалған “Алтынай”, “Нурикамал” әндерінің авторы Ханбибі Есенқарақызымен “Құлпырам гүлің болып төсіңде ” атты оффлайн-кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінің шымылдығын кітапханамыздың тұрақты оқырманы, бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері, өнерлі жігіт Естайұлы Абдуррахман “Алтынай” әнімен ашса, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филормония әншісі Жұмабаев Айдын “Нурикамал” әнімен кештін көркін қыздырды.
Сонымен қатар, ақынның авторлық өлеңдері оқылып, көптеген сұрақтарға жауап алынып, әсерлі сұхбат көрермендер көңілінен шықты.