2 шілдеде «Қаламгерлер аллеясында» Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шарасы аясында елордалық ақын-жазушылармен «Астана — шабыт арқауы» атты шығармашылық кездесуі өтті.

Астана қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен «Қазақстан Жазушылар Одағы» ҚБ Астана қалалық филиалы асыл қазынамызға айналған құнды дүниелерді жазған көрнекті ақын-жазушылар, көсемсөз шеберлерін 500 000 теңге сертификатымен марапаттады.

Атап айтқанда, қазақ әдебиетінің классиктері Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік, Ғарифолла Есім, Қойшығара Салғараұлы, Алтыншаш Жағанова, Қаржаубай Сартқожаұлы, Шәрбану Бейсенова, Серік Тұрғынбекұлы, Тұрсын Жүртбай, Өріс Яшкүрқызы және тағы басқа қаламгерлер.

Бүгінгі марапат иелерін құттықтай отырып, қазақ әдебиетінің құнды қазынасын байыта беріңіздер дейміз!