2 шілде сағ.14.00 Астананың ширек ғасырлық мерейтойында Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырып отырған «Астана – шабыт арқауы» атты салтанатты іс-шараcы руханият ордасы Астана қаласының №5 балалар кітапханасында жалғасын тапты.

Елордамыздың мәдени дамуына үлес қосқан тағы 20 қаламгерлерді «Қазақстан Жазушылар Одағы» ҚБ Астана қалалық филиалы 500 000 теңге сертификатымен марапаттады.

Атап айтқанда, танымал ақын-жазушылар Мәди Айымбетов, Бақытжан Тобаяқов, Жүніс Сахиев, Жәди Шәкенұлы, Толымбек Әбдірайым, Әкім Ысқақ, Жанболат Ауыпбаев, Оңайгүл Тұржан, Райхан Мәженқызы, Төкен Әлжантегі және тағы басқа қаламгерлер.

Құрметті қаламгерлерді марапаттарымен құттықтай отырып, қазақ әдебиетіне еселі еңбек сіңіріп, жетістіктерге жете беріңіздер дейміз.