2023 жылдың 24 сәуірде Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Қаламгерлер аллеясындағы кітапханамызға түбі бір түркі халықтарының тұтас ел болу жолында еңбек етіп жүрген көрнекті әзербайжан ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалы мырза келіп, Қазақстанда тұсауы кесілген «Тұранның бір түп жусаны» атты жыр жинағын оқырмандарға табыстады. 📚📚📚

Бұл кітапта түбі бір түрік халықтарының түп өзегі- тарихы мен тілі, діні мен мәдениеті туралы жазылған. 📚📚📚

Әкбар Гошалы мырза «жыр жинағымның Қазақстанда жарық көруі – мен үшін айтулы, маңызы жоғары оқиға. Өйткені Қазақстан – бүкіләлемдік жас түркі жазушылар одағының отаны, осы күнге дейін бұл одақ түркі әлеміндегі жастар әдебиетінің ортақ қазанына айналды. Қазақша жарық көріп отырған кітабым қымбатты қазақ бауырларымның, қаламдастарымның мерейтойыма тартқан сыйы деп қабылдадым»- деді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Дәулеткерей Кәпұлы Әкбар Гошалы мырзаның 2017 жылы Бакуде қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы деген әзербайжан тілінде 60 жас ақынның жинағын шығарғанын айтты.📚📚📚

Әкбар Гошалы мырза Әзербайжан-Қазақстан әдеби-мәдени байланыстарын орнатуда өз үлесін қосып жүрген ақынның бірі.📚📚📚
Әкбар Гошалы мырзамен, ақын Танакөз Толқынқызымен, Дәулеткерей Кәпұлы
бірге естелік суретке түстік.