Ұстаз, ақын, композитор, күйші, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері Оспан Сүлейменұлымен 4 сәуір сағат 14.00-де Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында үлкен іс-шара өтті.
Бұл шараның өтуіне себепкер болған республикалық «Ғажайып Қазақстан -2050» журналындағы «Бала күйші» атанған күй шебері –Оспан қажы мақаласы.
Өз өмірін жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде орасан зор еңбек сіңіргені және шет елдерге оқушыларымен ел дәстүрін насихаттап, қазақтың киелі домбырасымен өнер көрсеткені туралы жазылған.
Бұл шараға келген қонақтар жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел, Мариям Дүйсекейқызы- ұлағатты ұстазы, республикалық «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие беру орталығының төрайымы Тұрар Саттарқызы, Республикалық билер қауымдастығының төрағасы Әнаурбек Ералы, республикалық «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабековтер ыстық ықылыспен, естеліктермен бөлісті.
Шара соңында газет-журналдың президенті Болатбек Исаұлы Әбдікәрім жиналған қауымды рамазан айымен құттықтап, осындай азаматтардың игі істеріне жақсылық тіледі. Естелік суретке түсіп, рухани көтеріңкі көңіл-күймен тарады.