Халықаралық балалар кітабы күніне орай кітапханамызда балалар ақыны Серікбол Хасанмен кездесу ұйымдастырылды Кездесуге Ж.Жабаев атындағы 4-мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары қатысты.

Балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қызықты сұрақтарын қойды..

Ақын өмірінің қызықты сәттерімен, әсерлі әңгімелерімен, балаларға айтар ақылымен бөлісті. Балалар ақынның қасында суретке түсіп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.