23 ақпан күні кітапханамызда халықаралық мәселеге айналып отырған діни экстремизм мен терроризмге қарсы «Заң елі» тақырыбында миға шабуыл ақпараттық үрдісте іс-шара өтті.
Шараның қонақтары Астана қаласы орталық Діндерді зерттеу орталығының маманы, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің PhD докторы Қайдар Мирас Қабиденұлы, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының ақпараттық — түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Ерназаров Алмас Әзімханұлы дін туралы, терроризм мен экстремизм мәселесі жайында ақпарат берді.
Қатысушылар бөлім кітапханашылары мен оқушылар тақырыпқа байланысты бейнероликтер қарады, көрмемен танысты. Мамандардан тақырып бойынша оқуға тыйым салынған кітаптар туралы т.с.с сұрақтарға жауап алдық.