Астана қалсы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №10 көпшілік кітапханасы мен №42 орта мектебі бірлескен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына орай «Сөз өнерінің зергері» атты әдеби кеш өтті Кеш қазақтың ғұлама дарын иесі,ақын,философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы мен өміріне арналды.

Атаулы кешке №42 орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары атсалысты. Кеште қатысушылар тарапынан сөз зергері атанған М.Ж.Көпейұлының аңыздарынан көрініс қойылып, өлеңдері оқылды.
Бала кезінде молдадан хат танып,азан шақырылып қойылған Адам Жүсіп атына Мәшһүр атының қосақталуы жайлы сахналық инсцениро́вка жасалды.

Талантты жастардың шығармашылығын тамашалай отырып,кешімізге шақырылған арнайы қонақтарымыз Евразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, Еуразия Ұлттық университетінің докторанты, ақын, Халықаралық тренер, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы, Астана қаласы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы №57 орта мектебінің бейіндік орынбасары, Мәшһүр Жүсіптің шөбересі- Пазылова Динара Шегіндікқызы ,Тұран-Астана университеті, «Әлеуметтік — гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. ЖАҚ доценті,Мәшһүртанушы,Мәшһүр Жүсіптің шөбересі — Жүсіпова Гүлназ Қуандыққызы, жас ұрпақтарға тың ақпараттар айта отырып, «ОКЖ» КММ-не М.Ж.Көпейұлының «Жетпіс бап» және өзінің «Мәшһүртану белестері» атты кітапты сыйға тартты.

Келген қонаққа лайықты құрмет көрсету қазағымның ең бір жақсы қасиеті ғой. Ет асылып,төгіліп дастархан жасалмаса да,келген қонақтарымызға бойымыздағы дарынымызбен, қобыз,домбыраның күмбірінен төгілген әуендер мен әндерден шашу шашылып,кеш соңында екі мекеме атынан алғыс хат арқылы ақ тілегімізді төгіп,мерейтойға орай жасалған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы деген занчоктармен дархан көңілімізді білдірдік. Сонымен қоса кітапхана оқырманының қолынан шыққан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының портретін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы №57 орта мектебінің мұражайына табыстадық.Әдеби кешке қатысқан жұрт ризашылықпен тарқады.