Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылдың 31 қаңтарында сөйлеген сөзінде: «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кітап оқу мәдениеті туралы айттым.
Алайда қалада кітапханалар желісі дамымай отыр. Астанада 18 кітапхана бар. Олардың кейбіреулері ауданы 40 шаршы метрден аспайтын бөлмеде орналасқан», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамытуға арналған кеңейтілген кеңесте.
Кітапханалар уақыт талабына бейімделіп, коворкинг орталықтары сияқты жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар Елорданың әр ауданында заманауи кітапхана ашу қажет, деп қосты Мемлекет басшысы.
Ақпарат https://informburo.kz/novosti/tokaev-obrazovanie-v-stolice-nuzno-podnyat-na-mezdunarodnyi-uroven-no-nicego-dlya-etogo-ne-delaetsya сайтынан алынды
Миллион тұрғыны бар елордамыздың әр ауданда жайлы жағдайлары бар, оқырмандар мен қызметкерлерге арналған кең бөлмелерімен, жақсы кітап қорлары және жоғары технологиялық жабдықтары бар, қызметкерлер мен жас мамандарды ынталандыратын лайықты жалақы ,тұрғын үймен қамтамасыз ететін кітапханалар ашылуы керек.
Астананың кітапханашылары Елбасының бастамасын қолдайды, өйткені қаламыздағы кітапханалар мен кітапханалар желісін дамыту қажеттігі көп жылдар бойы айтылып келеді. Жақында жаңа, заманауи, жақсы жабдықталған кітапханалар өз оқырмандарын қарсы алады деп сенеміз.
Өз кезегімізде бізді естіп, қолдағанына өте қуаныштымыз. Болашақта кітапханалар дамып, жас ұрпақтың кітап оқу мәдениеті бірінші орында болатынына, ал «кітапханашы» мамандығының ешқашан ескірмейтініне сенеміз.