Қазан айының 21 күні «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ — не қарасты Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Республика күнніне арналған «Егемендік күні — тарихи қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны жүргізуші ОККЖ-нің басшысы Г. Мадибаева отырысты ҚР әнұранымен ашуды ұсынды. Шара барысында ҚР Мәдениет қайраткері, журналист Балтабай Ғалия, Республика күнінің мәні мен маңызы туралы әңгімелесе, ҚР еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов Ақмола өңірінен шыққан тарихи тұлғалар туралы сөз етті. Кеш қонағы «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі Тұрар Сәттарқызы, оқырманға
ой салар ұлттық тәрбие мен салт- дәстүрлерлеріміз туралы айта отырып, кітап оқу қажет, өткенімізді білмей өркениетке жете алмаймыз десе, белгілі журналист Серік Әбішұлы жастарға ұялы телефон ның зиян екендігіне тоқталып, кітап оқу арқылы ғана тілімізді, рухани дүниемізді байыта алатынымызды айтып, халық жазушысы Ә.Кекілбаевтің «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген сөзімен әңгімесін қорытындылады. Дөңгелек үстелді Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Аяулым Қанатқызы қорытындылап, ұлттық мереке күнімен құттықтады.