29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін аттестаттау жүргізілді.

Мекеменің директоры Мадибаева Гульбадан Сактапқызы ОКЖ КММ ішкі жұмысына қысқаша баяндама жасап, кітапханалар жұмыс жоспарлары, жобаларына тоқталып өтті.

Мемлекеттік ұйымдарды
аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның жеке талқылау отырысынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ «аттестаттаудан өтті» деген баға берілді.