Құрметті оқырман!
Нұр-Сұлтан қаласы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында @bogenbai_kitaphana 26-мамыр сағат 12.00 » Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай «Жазықсыз жапа шеккендер»атты кездесу өтеді

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Мыңдаған жазықсыз жандардың қаны мен көз жасына жуылған тарихтың шерлі беттерінің бірі. Азат, тәуелсіз мемлекеттің әр перзенті, ол нәубетті толық түсініп сабақ алуы тиіс. Ел тарихында бұл қасірет халық жадында ешқашан өшпейді.

Ұлтын сүйген азаматтардың есімдерін жаңғарту, еңбектерін зерделеу, отаршыл жүйенің қарапайым халыққа салған ауыртпалығын таразылау –парыз.