“Дыбыстандырылған әлем” аудио көрмесі

Бүгін Еуразиялық халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі аясында арнайы кітапхана ұйымдастыруымен білікті педагог, кітапхана оқырмыны, қаламгер
С. Құлмалиеваның “Қол ұстасқан ғұмыр және қас қағым сәт” аудиокітабының тұсаукесері өтіп, аудио нұсқа көпшілік қауымға жол тартты.

Кітаптың тұсауын кескен ақын, “Қырсық қызға қолтаңба”, Қазақтың жаны”, “Домбыра”, “Қарашаңырақ” жыр кітаптарының авторы Серік Сейтман!

Сонымен қатар шараға мектеп оқушылары да қатысты. Ақын мен жазушы сұхбатына назар салған олар өздеріне пайымдық өнеге алар деген сенімдеміз!

Артынша балаларға қызықты аудиоертегілер тыңдатылып, ертегі жанрына байлаланысты ойындар өткізілді.

Бүгінгі ғаламтор дамыған уақытта баспа кітаптың да орны ерекше, маңызын жоймақ емес екенін таныту мақсатындағы іс-шара әлі де бірнеше күн жалғасын таппақ!