Елордамыздағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің #5 балалар кітапханасында қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық кеші өтті.

Ақынның халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларын
«Ескендір» қайырымдылық мекемесінен келген бір топ шәкірттер оқып, кешке келген «Шәкәрім» клубының зейнеткерлері және кештің қонақтары ақын өлеңдерінен рухани қуат алғандай күй кешті.

Халқын сүйген ақиық ақынды — халқының да аса құрметтейтіндігіне және ақын шығармасының өміршеңдігіне біз тағы да көз жеткізіп, куәсі болғандаймыз.