Бүгін Зағиптар күніне орай «Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» мен «Көзі көрмейтін және нашар көретін кітапхана» бірлесіп ұйымдастырған керемет кеш өтті.

Кешіміздің құрметті қонағы — ақын, ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Мақпал Мыса.

Арнайы кітапхананың зағип оқырмандары өз өнерлерін көрсетіп, колледж студенттері ақын өлеңдерін оқып жырдан шашу шашылған күн болды.

Ақынның өлеңдерін өз аузынан тыңдау өзгеше әсер берді. Жастар ақынға түрлі сұрақтар қойып, жігерлендіретін жауаптар алды. Кеш соңында, оқырман қауым естелік суретке түсіп, эмоцияға толы көңіл-күймен тарқасты.