12.10.2021

Құрметті қонақтар, оқырмандар! 📣📣📣
Сіздерді, 15 Қазан 🕚 сағ. 11:00-де «Кітапханашылар» күніне орай өткізілетін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен болатын «САҒЫНЫП СӘЛЕМ ЖАЗДЫМ МЫРЗАТАЙҒА» атты кездесуге шақырамыз.
———————————
📚 Мырзатай Жолдасбеков әдебиеттанушы-ғалым, түрколог, филология ғылымдарының докторы., профессор академик.

Ел тарихының ең күрделі, шешуші кезеңінде дуалы ауыз, өнегелі, мемлекетшіл тұрпатынан, кісілік қалпынан айнымаған, халқының қадірлісі бола білген тұлға.
«Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі» деген дипломатиялық дәрежесі бар. «Халықтар достығы» (1986), «Құрмет» (1996), «Парасат» (2005) «ІІІ дәрежелі Барыс» (2011) ордендерімен наградтталған. Күлтегін сыйлығымен марапатталған.

Ұйымдастырушылар:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастыру бөлімі.
Мекен-жайы: Ш. Құдайбердіұлы к, 25/3