Оқимыз және талқылаймыз

2019 жылдың 2 қазан күні №5 балалар кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханашылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –  Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»   атты Жолдауын талқылады. Шара басында балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі директордың орынбасары Гүльмира Айдарбекқызы Абылғазинаның сөз сөйлеуімен слайд көрсетілді, онда ол Жолдаудың басым бағыттарына, кез келген мемлекеттің басты тірегі халық болып табылатына  назар аударды.Елдегі халықтардың бірлігі мен достығы, әлеуметтік саланы одан әрі дамыту, қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары болып табылатынын атап өтті. Көпшілік шаралар жұмысы қызметтің басшысы   Сейдахметова Сагаткуль Дуйсеновна Президенттің сөйлеген сөзінде көрсетілген елдегі туризмді дамыту тақырыбын көтерді. Ол Жолдауда мәдениет сияқты өмір мен қызметтің маңызды саласына назар аударылғанын атап өтті.»Келесі жылы Қазақстан тарихындағы мерейтойлар мен айтулы даталарды: Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы атап өту үшін жүйе кітапханаларында дайындық жұмыстары басталды. Ел Президенті мұндай маңызды оқиғалар жас ұрпақты шынайы патриотизм рухында тәрбиелеуге ықпал ететініне сенім білдірді», деді ол. Ақпараттық-библиографиялық бөлім басшысы Аймаганова Маржан Аждарқызы Мемлекет басшысы экономиканың өсуіне, ел азаматтарының өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал ететін міндеттер қойып отырғанын атап өтті. Ол 2020 – Волоньтерлар жылына байланысты жастармен жұмыс жасауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге басты назар аударды. №8 балалар кітапханасының басшысы Светлана Владимировна Литвинчук сыбайлас жемқорлықты жою, халықтың әлеуметтік тұрмысы, жер мәселелеріне қатысты бірқатар тақырыптарды қозғады.  Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тоқталды. №5 көпшілік кітапхананың аға кітапханашысы Есемсейтова Гүлнар Айдарқызы мемлекеттік тіл, этносаралық келісім рөліне тоқталды. Түсіндіру барысында жаңа жұмыс орындарын құру, Білім және мәдениет қызметкерлерінің жалақысын арттыру, халықтың осал топтарын қолдау мәселелері ерекше атап өтілді. Талқылау барысында қызметкерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.