«Мәңгілік өлмейтін полк»

Құрметті елордалықтар!
Ұлы Жеңіс мерекесіне 75 жыл толуына орай майдангерлерге құрмет көрсетуге арналған игі шаралар жиі өтуде. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханашылары мен оқырмандары биыл алғаш рет онлайн «Мәңгілік өлмейтін полк» шеруінде сап түзеді. отыр. Аталмыш акцияда кітапханашылар мен оқырмандар өздерінің Ұлы Отан соғысында майданға аттанған әкелерінің, аталарының, арғы аталарының суреттерін алып «Мәңгілік өлмейтін полк» («Бессмертный полк») деп аталып кеткен шеруге онлайн шығып, ерлік көрсеткен ата-бабаларын тағзым етті.

Әрбір сурет – өзінше бір тарих. Олардың әрқайсысы – жаумен күресте жеңіске жету үшін, келешек ұрпақ үшін өмірін қиған ерлердің бейнесі. Сол үшін де батырлардың портреттерін тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан ұрпақтары мақтанышпен ұстап жүр. Бүгінгі ұрпақ қиян-кескі соғыста ерлік көрсеткен майдангерлердің есімі мәңгі өшпейтінін осылайша білдіріп отыр. «Мәңгілік өлмейтін полк» қозғалысына Солтүстік Қазақстан обылысы Зеленый гай ауылы да үн қосты.

Бүгінгі шеру, бізге ашық аспан сыйлаған батырларымыз, ата-бабамыз жайлы естеліктерді сақтау, өзінің байлығын өмірінің құнымен қорғап кеткен жандарға құрмет көрсету.

Бейбіт өмірдегі батырлардың ерлігі – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Оларды халық та, ұрпақтарда ұмытпауы тиіс.

Жеңіс үшін! Аталарымыз бен бабаларымыздың есімі үшін! Ура!

#Bizbirgemiz#bizbirgemiz#жеңіс75жеңіскүні#жеңіс#жеңісқұттыболсын
#75летпобеды
#75ВОВ#победа
#победа75
#победа1945
⠀⠀⠀
@kitap_kala
@ns_madeniet