Қымбатты қала тұрғындары!
Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» мекемесі мен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ақпан айының 22 күні қаламыздағы №5 балалар кітапханасында, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай әдеби-танымдық кеш өтеді.

Шараға кітапхана оқырмандары, қонақтар, қаламгерлер, өнер тұлғалары қатысады.
Кеш барысында, қазақтың қасиетін қастерлеп рухын оятқан, назды сұлу сезімді сөзге арқау еткен ақын Мағжан Жұмабаевтың жырлары оқылып, әуезді әндер орындалады.