Астана қалсы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №10 көпшілік кітапханасы мен №42 орта мектебі бірлескен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына орай «Сөз өнерінің зергері» атты әдеби кеш өтеді.

Барлық өмірін болашақ ұрпаққа мол рухани мұра қалдыруды мақсат еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің ғұмырын өнегелі тіршілікке айналдырғанын байқай отырып,болашақта оның барлық рухани мұрасын зерттеу және осындай асыл перзентінің ұлағатты өмір жолы мен ерең еңбегін лайықты бағалау, құнды тұстарын қордалау кейінгі ұрпақтың міндеті деп білеміз.

Осы орайда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір жолы мен шығармашылы-
ғына шолу жасай отырып,ұрпақтары Динара Шегіндікқызы, Гүлназ Қуандыққызымен,әрі Мәшһүртанушы Баянғали Ғалымжанұлымен кездесіп,
жас жеткіншек ұрпақты жан-жақты дамытуды жөн көрдік.