17 маусым күні Байқоңыр ауданында  орналасқан  “Белсенді ұзақ өмір сүру ” орталығы  ішінен кітапхана ашылды.

Осыған орай “Бір кітап – бір әлем” тақырыбы аясында Рухани орталық болып табылатын “Интелектуалды дамыту клубының” ашылуы өтті.
Бұл іс-шара доцент, ғалым, ұстаз  Пірімбетова Маржан Бектұрсынқызы,  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  директоры Гүлбадан Сақтапқызы Мәдібаева,  сонымен  бірге “Ұрпаққа аманат” Ардагерлер бірлестігі мүшелерінің қатысуымен өтті.

Маржан  Бектұрсынқызы өз үйі кітапханасының қорынан, жақсы кітаптарын  «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының кітапханасына  сыйға тартты.
Кештің құрметті қонағы – журналист Ғалия Балтабай өзінің балаларға арналған әңгімелерінің жарыққа шыққанын айтып, оқырмандардың көңілінен шықты деп айтуға болады.

Қала кітапханалары орталықпен  тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.
Ендеше,  осы мекен жайда орналасқан Рухани ордасында,  оқырмандарымызды  күтеміз:
Нұр – Сұлтан қаласы

Алматы  Іскерлік үйі.
Иманов көшесі 19
З қабат офис 306
@aktivnoe_dolgoletie_nursultan