Кітапханада  жазғы демалыс уақытында балаларды кітап оқуға тарту мақсатында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты іс-шара өтті.Іс-шараға № 14 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Балаларды оқуға үйрету және кітап­ханаға оқырман тарту мақса­тында әр түрлі тақырыпта қызықты ойындар мен викториналар ұйымдастырылды.

Оқушыларға  оқырманның міндеттері таныстырылып, кітап оқудың пайдасы туралы айтылды.

Балалар әдебиетінің інжу-маржандарының туындылары көрмеге қойылды және сол туралы ақпараттар берілді.

Жақсы кітап – даналыққа жетелейді, кітап­ханашылар оқушылардың жазғы каникул кезінде кітап оқуға қы­зығушылығын арттыру үшін жаңа жобаларды қолға алды.