Нұр-Сұлтан қаласы “Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің” Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапханасының Толқын Қабылшаның “Осы бір сәт ұнайды” аудиокітабының тұсаукесері өтті. @arnayi.kitaphana_elorda

Іс-шарада кітап авторы мен кітапхана оқырмандарының және басқа да қонақтардың
Ой толғауы, сұрақ-жауабы т. б. түрлі нөмірлер көрсетілді.

Белгілі саяхатшы-блогер, журналист, “Media-trend” мектебінің директоры Нұрбек Бекбау кітаптың тұсауын кесті.
Театр актері Мұрат Ілиястың орындауында ақын өлеңдері оқылып, оқырмандарға аудиокітап автор қолтаңбасымен таратылды.

Алдағы уақытта аудиокітапты арнайы кітапханадан тыңдай аласыздар. Сонымен қатар республиканың барлық арнайы кітапханаларына таратылады.