Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі. Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат.
Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор.
Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Осы орайда Салауатты өмір салтын қалыптастыруда 7-сәуір Әлемдік денсаулық күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ОКЖ» КММ №10 көпшілік кітапхана @massoviy10 Интернацинальный, Мичурино,Күйгенжар тұрғын алабының №42,43 орта мектептері мен №74 «Дәурен» балабақшасының қызметкерлерімен «Көңілді старт» эстафетасын өткізді.
Эстафетада бүгінгі күні жас ұрпақтарды тәрбиелеп, білім беру жолында қызмет жасап келе жатқан тәрбиешілер мен ұстаздар қауымы атсалысып,болашақ ұрпаққа үлгі бола білді.
Жалпы таза ауада өткен шара барша қатысушылар мен қолдаушыларға жарқын көңіл сыйлап,соңында мекеме атынан Мадақтама, медальдар мен сертификаттар табысталды.
«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану»
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады.
Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.