Құрметті оқырмандар! #Кітапханаұсынады айдарымызды- балалар әдебиетінен бастағанды жөн көрдік. @kitap_qala_reserve
Себебі, биылғы жыл Қазақстанда «Балалар жылы» болып жарияланғаны бәрімізге мәлім. 5 балалар кітапханасы, @5balalar_kitaphanasy назарларыңызға Швед жазушысы Астрид Линдгрен жазған «Ұзыншұлық Пеппи» (Пеппи Длинный чулок) кітабын ұсынады.📚
Ал, бізге өте керемет және ешкімге ұқсамайтын Ұзыншұлық Пеппи атты әйгілі әңгіме- ертегісін есімізге түсіру қажет.
⠀⠀⠀
Десек те, ол талғампаз, шапшаң, сүйкімді қыз болып, барлық балалардың арманына айналып үлгерді.
⠀⠀⠀
А.Линдгрен әлемнің барлық балаларына бұл арман туралы күлкілі және ерекше түрде айтып берді, сондықтан Сіз бұл кітапты оқып қана қоймай, сіздің аналарыңыз бен әкелеріңіз де, мүмкін, тіпті ата-әжелеріңіз де бір уақытта бұл тамаша кітапты оқыған шығар.
⠀⠀⠀
Сондықтан да бұл кітап балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің үздік шығармасы үшін ең жоғары халықаралық сыйлық – Андерсен атындағы сыйлыққа ие болды. ⠀⠀⠀
Бұл жұмыстың әйгілі әрі танымал болғаны соншалық, Швецияда тіпті банкноттарда Ұзыншұлық Пеппи мен А.Линдгреннің өзінің портреті бар.
⠀⠀⠀
Ал, егер Сіз Стокгольмге барсаңыз, Юнибакенге міндетті түрде барыңыз, ол жер- Ұзыншұлық Пеппи ертегі қаласы болып табылады.
Сонымен қатар, Линдгрен кітаптарының кейіпкерлеріне арналған алаң да бар.
⠀⠀⠀
Бұл ертегінің бізге берген тарихи, ерекше деректері міне осындай.
Біздің ұсыныстарымыз Сіздерге ұнап жатса, онда комментария жазыңыздар. 😊📥
Бұл кітапты📕 Нұр-Сұлтан қаласының ОКЖ барлық кітапханаларынан ала аласыздар.