28 наурыз бен 2 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханаларында Балалар кітабының апталығы басталады.
Бұл ауқымды жобаның ұйымдастырушылары- Нұр-Сұлтан қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, сондай-ақ танымал газеттердің қазақстандық редакциялары.
Аталған жоба балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға және мектеп оқушыларының демалысын тиімді өткізуге мүмкіндік беру үшін жасалған.
Қазақстандағы балалар кітаптарының апталығы – бұл көптеген қызықты оқиғалар желісі, мәселен: шығармашылық кездесулер