Бүгін 27- наурыз «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде»  әуезді әнімен танымал әнші,ақын,сазгер Роза Әлқожаның «Кері ағыс», ақын Нұрлан Әбілдиннің  «В Городе где..»  кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ақындар кітаптарының тұсауын айтыскер ақын  Дәулеткерей Кәпұлы мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаров кесті.

Кітаптың өз оқырманын тауып кетуі жаңа түскен келінмен, өмірге тәй-тәй қадам басқан  баламен тең,осы орайда  бүгінгі кеште  Серікзат Дүйсенғазы бастаған «Егемен Қазақстан» газетінен  Рауан Қабидолдин,
Жәнібек Әлиман, «Абай» телеарнасынан Танакөз Толқынқызы,Айзада Рақымжанова, «Астана ақшамы» газетінен Аманғали Қалжан ақ тілектерімен,өлең жолдарын жолдап, алдағы уақытта өз оқырмандарына жол таба берсін деп шығармашылық табыс тіледі.

Кеш соңын әнші Роза Әлқожа әуезді әндерімен жалғап,келген қонақтарға шат көңіл күй сыйлап,авторлардың өлеңдерінің парақ беттерінен жасалған тәтті торт таратылды.